⭐️21 қараша күні «Жас Ұлан» балалар және жасөспірімдер орталығында ауыл және қала мектептерінің арасында қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай, «Абайдың қара сөздері – тәрбиенің қайнар көзі» атты қалалық көркем сөз байқауына өткізілді. Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының қара сөздеріндегі даналық ойларды насихаттап, оқушылардың сөйлеу мәдениетін, рухани дүниетанымын дамыту мақсатында өткізілген сайысқа барлығы 17 оқушы қатысып, бақтарын сынады.
Сайыс қорытындысы бойынша
Бас жүлдені А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Сәрсенбай Айару
1-орынды №7 ЖББМ 8 сынып оқушысы Орақбай Әдемі
2-орынды №8 НОМ 8 сынып оқушысы Мұсабаева Арайлым
2-орынды Фурманов ЖББМ 9-сынып оқушысы Жауынбай Жеңісгүл
3-орынды Мокаренко ЖББМ 8-сынып оқушысы Қуатбек Зере
3-орынды Аңғар НОМ 8-сынып оқушысы Қарақұл Жанұя
3-орынды Майкөтов НОМ 9-сынып оқушысы Мамытқазы Айман иеленсе,
«Қара сөзді мәнерлеп оқу шебері» номинациясын М.Әуезов атындағы №5 ЖББМ 8-сынып оқушысы Рауанқызы Әнел, Ы.Алтынсарин атындағы гимназиясының 8-сынып оқушысы Карбозов Әлисұлтан, №10 ЖББМ 8-сынып оқушысы Ғазез Ақмаржан, Сарыөзен НОМ 8-сынып оқушысы Болат Нұрислам қанжығасына байлады. Қалған қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін мадақтама берілсе, жеңімпаздарды дайындаған жетекшілерге алғыс хат табысталды. Сонымен қатар, көркемсөз оқу байқауының жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталды.
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз. Абайдың қара сөздерін жүректеріңізде сақтап, өмірде қолданыңыздар демекпіз!
#біртұтастәрбие
#Адалазамат
#Kostbilim
@oqu_agartu_ministri
@gani.beisembayev
@kost_bilim
@rumcdo_official
@arkalyk_bilim_bolimi
@rcfk_i_do







