Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласы білім бөлімінің "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Официальный сайт

«Ботақан» балалар телевизиялық студиясы

«Ботақан» балалар телевизиялық студиясының бағдарламасы балалар телевизиялық студиясын құру идеясын жүзеге  асыруды көздейді және оқушылардың өзін-өзі көрсетуге жағдай жасайды, олардың өздерінің өмірлік ұстанымдары туралы мәлімдеуге деген ниетін білдіреді. Ол оқушылардың авторлық сюжеттерді, телехабарлар мен тақырыптық бейнероликтерді әзірлеуге қатысуын қамтамасыз ететі, онда жұмыс теледидардағы жұмыстың техникалық процестерін қамтиды. Осылайша, білім алушылар теледидарлық кәсіптердің ерекшеліктерін тәжірибе барысында меңгереді. Телестудия бағдарламасы тележурналистика өнеріне қызығушылық танытатын және бейнесюжеттер, жеке телехабарлар жасауды үйренгісі келетін, заманауи компьютерлік технологияларды меңгергісі келетін жасөспірімдермен сабақ жүйесін ұсынады. Ол Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің жалпы білім беру стандарттарына сәйкес жасалған. Бағдарламаның ерекшеліктерінің бірі-тәжірибелік-бағдар беретін сипатқа ие. Білім алушылар нақты телевизиялық өнімдерін – жергілікті қалалық теледидарда трансляцияланатын жаңалықтарды және арнайы бағдарламаларды үнемі шығару бойынша жұмыс процесінде оқытудан өтеді. 1 оқу жылы-аптасына 2 рет 2 сағаттан (144 сағат).2 оқу жылы аптасына 3 рет 2 сағаттан (216 сағат). Оқу топтарындағы сандық құрамы бірінші оқу жылына 10-15 адам және екінші оқу жылына 8-10 адам. Негізгі екі жылдық курсты аяқтағаннан кейін кейбір балаларда осы бағыт бойынша оқуды жалғастыруға ниет туындайды, онда білім мен іскерлікті тереңдету, тапсырмаларды қиындату, практикумдарды орындау кезінде өз бетінше жұмыс істеуге баса назар аударылады.