Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласы білім бөлімінің "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Официальный сайт

“EduCraft” бағдарламасы

📌“Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер орталығының “Bloggers” және “Мобилография” үйірмелерінің ұйымдастыруымен “EduCraft” бағдарламасының тұрақты түрде әр саны шығады. Бағдарламаның негізгі мақсаты оқушыларға сан-қилы мамандық иелерін таныстыра отыра болашақта өздеріне дұрыс мамандық таңдауына атсалысу.✨

💡“EduCraft” бағдарламасының осы саны мүсінші мамандығына арналды.

Мүсіншімен өткен сұхбатқа қысқаша анықтама:

Бұл сұхбат барысында мүсінші мамандығының қыр-сыры, шығармашылық үдерісі, шабыт көзі мен қолөнерге деген сүйіспеншілігі туралы мағыналы әңгіме өрбіді. Мүсінші өзінің алғашқы туындылары, қолданатын материалдары, сондай-ақ Қазақстандағы мүсін өнерінің дамуы жөнінде өз пікірін білдірді. Сұхбат оқушылар үшін өнерге қызығушылықты арттырып, шабыт сыйлады.