«Феникс» балалар керамикалық шеберханасының кіші, орта және жоғары мектеп жасындағы оқушыларына арналған сәндік-қолданбалы бағыттағы «Саз сиқыры» қосымша білім беру бағдарламасы үш жыл бойы оқуға арналған, Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің сараптамалық кеңес отырысында қаралды, 2019 жылдың 25 қаңтарында №117 сарапшылар кеңесінде қорытынды жасалып ISBN978-601-336-134-5 номері алынды.
Бағдарламаның өзектілігі кіші, орта және үлкен мектеп жасындағы балалардың эстетикалық жетілуіне үлкен сұраныс пен қажеттіліктен туындап отыр. Бірінші оқу жылының оқу жоспарының көлемі 144 сағат (2 және 3 оқу жылы -216 сағат (аптасына үш рет 2 сағаттан). Топтардың толымдылығы 15-20 адам. Негізгі екі жылдық курсты аяқтағаннан кейін кейбір балаларда осы бағыт бойынша оқуды жалғастыруға ниет туындайды, онда білім мен іскерлікті тереңдету,тапсырмаларды қиындату, практикумдарды орындау кезінде өз бетінше жұмыс істеуге баса назар аударылады.







