«Жаңа ТВ жоба» атты танымдық телевизиялық сюжеттер мен жаңа айдар құрастыру жөніндегі қалалық байқау

Ағымдағы жылдың 6 қараша күні, «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы, «Ботақан» телестудиясының ұйымдастыруымен қала және ауыл мектеп оқушылары, қосымша білім беру орталығы тәрбиеленушілері арасында «Жаңа ТВ жоба» атты танымдық телевизиялық сюжеттер мен жаңа айдар құрастыру жөніндегі қалалық байқауөткізілді.

Облыстық «Қостанай таңы» газетінің Арқалық қаласындағы меншікті тілшісі, ҚР Журналистер одағының мүшесі Мұрат Жүнісұлы бастаған бір топ әділ қазы алқалары барлық ұсынылған жұмыстарды тамашалап, байқауға қатысушы жас тілшілер мен ұстаздарға сұрақтар қойып, пікірлерін білдірді.

«Үздік оператор» номинациясы бойынша:

І орын иегері – Сейтжан Жаннұр, №7 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы.

ІІ орын иегері – Ясмин Қалымжан, Екідің ауылы, Б.Майлин негізгі орта мектебі оқушысы.

ІІІ орын иегері – Айзере Шөптібай, Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы.

«Үздік танымдық телевизиялық сюжет» номинациясы бойынша:

І орын – Төлеу Еркежан, №8 негізгі орта мектеп оқушысы.

ІІ орын – Айсұлтан Тайшығара, Сарыөзен негізгі білім беретін мектебінің оқушысы.

ІІІ орын – Раяна Абылайханқызы, А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназия оқушысы.

«Үздік диктор» номинациясы бойынша:

І орын – Богдан Исламов, №2 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы.

ІІ орын – Нұржайна Таубалды, №10 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы.

ІІІ орын – Айым Жұмабай, Ашутасты ауылы, Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы.

«Шығармашыл топтың үздік педагог-ұйымдастырушысы» номинациясы бойынша:

І орын – Ләззат Кендирбекова, А. Құнанбаев атындағы мектеп гимназия ұстазы.

ІІ орын – Екатерина Калинина, №2 жалпы білім беретін мектебінің ұстазы.

«Үздік монтаж режиссері» номинациясы бойынша:

І орын – Ақмаржан Меңдеш, Кейкі батыр атындағы №4 мектеп оқушысы.

ІІ орын – Аймереке Нұрғали, Б.Майлин атындағы №3жалпы білім беретін мектебінің оқушысы.

ІІІ орын – Балым Ануарова, А. Құнанбаев атындағы мектеп гимназия оқушысы.

Үздік сюжеттер қалалық “Арқа дидары” телеарнасынан көрсетіледі!

“Ботақан” телестудиясының жетекшісі: Демесинова Сымбат Болатовна.


Жарияланды: 11.11.202513:39

Автор: