Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласы білім бөлімінің "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Официальный сайт

«Позитив» КТК клубы

«Позитив» КТК (көңілді, тапқырлар клубы) бағдарламасы-бейінді, балалардың актерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, балаларды актерлік шеберлікке үйретуге бағытталған, сонымен бірге жалпы даму сипатындағы міндеттерді шешеді: әлем туралы және өзі туралы білімді кеңейту, әлеуметтік тәжірибені қалыптастыру, танымдық қызығушылықты қанағаттандыру, бағдарламаны игеру кезінде қарым-қатынас дағдылары мен бірлескен іс-әрекет дағдыларын байыту. Бағдарлама жеке қасиеттердің өзін-өзі жүзеге асыруы мен өзін-өзі дамытуы, әлеуметтік белсенді тұлғаның қалыптасуы үшін жағдай жасауды көздейді. Жасөспірімдердің әлеуметтік белсенділігі мен ұйымдастырушылық дағдыларын дамыту олардың балаларға арналған ойын, конкурстық, ойын-сауық бағдарламаларын ұйымдастыруға қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Бағдарлама 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған. Сондықтан «КТК» бағдарламасы әлеуметтік-педагогикалық, жалпы даму сипаттағы міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Сахна өнерімен айналысу жасөспірімдердің эмоционалды-ерікті саласының дамуына үлкен оң әсер етеді. Бірінші оқу жылының оқу жоспарлары -144 сағат, екінші оқу жылында -216 сағат. Оқу топтарындағы сандық құрам бірінші оқу жылы үшін 10-15 адам және екінші жыл үшін 8-10 адам. Негізгі екі жылдық курстың соңында кейбір балалар осы бағыт бойынша оқуды жалғастыруға ұмтылады, онда білім мен дағдылар тереңдей түседі, тапсырмалар күрделене түседі, семинарларды орындау кезінде өзіндік жұмысқа баса назар аударылады.