Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласы білім бөлімінің "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Официальный сайт

«Кескіндеме және графика»

«Кескіндеме және графика» клубы балаға даралықты табуға көмектеседі, өзін-өзі көрсетуге, айналасындағы сұлулықты көруге және бағалауға көмектеседі. Клуб жұмысына арналған материалдың болуы, оның жоғары сапасы, сурет салу тәсілдерінің әртүрлілігі балаға қарапайым тәсілдермен әлдеқайда қиын нәрсені көруге және қағазға түсіруге көмектеседі. Клубтың бағдарламасы көркемдік-шығармашылық бағыт болып табылады, білім мен практикалық дағдыларды игеру деңгейін, функционалдық мақсаты бойынша – оқу-танымдық.Бағдарлама бейнелеу өнері бойынша үлгілік бағдарламалар негізінде әзірленген, модификацияланған болып табылады.Сондай-ақ, бұл бағдарлама балалардың бейнелеу қабілеттерін, көркемдік талғамын, шығармашылық қиялын, кеңістіктік ойлауын, эстетикалық сезімдерін және сұлулықты түсінуін дамытуға, өнерге деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеуге, жеке тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Бірінші оқу жылының оқу жоспарының көлемі 144 сағат  (аптасына екі рет 2 сағаттан). екінші оқу жылының оқу жоспарының көлемі 216 сағат  (аптасына 3 рет  2 сағаттан). Топтардың толымдылығы 10-15 адам. Бейнелеу өнері сабақтары балаларды халықтық дәстүрлерді зерттеуге тартудың тиімді құралы болып табылады. Оқушылар өз жұмыстарын түрлі көрмелерде, экспозицияларда көрсете отырып, өз құрдастарына білімдерін, дағдыларын көрсетеді.