Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласы білім бөлімінің "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Официальный сайт

«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында 2025 жылы қазанның 20 күні Республика күніне орай. «Жүзу» үйірмесінің ұйымдастыруымен қала мектеп оқушыларының 8-9 сынып оқушылары арасында  суға жүзуден жарыс өтті

📍«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында 2025 жылы қазанның 20 күні Республика күніне орай. «Жүзу» үйірмесінің ұйымдастыруымен қала мектеп оқушыларының 8-9 сынып оқушылары арасында  суға жүзуден жарыс өтті.

Жарыстың мақсаты:

— оқушыларға салауатты өмір салтын қалыптастыру;

— қала көлемінде суда жүзу спорт түрін дамыту, шебер суда жүзушілерді анықтау;

Жарыстың негізгі ережесі ұлдар арасында Жекелей  50м — қашықтықтағы бассейнде жүзу. 2 адамнан жарысқа түсіп,уақыт көрсеткішіне суда жүзуден жарысты. Жалпы қала мектептерінен 4 команда қатысты.  Жарыс қорытындысын төрешілер  уақыт көрсеткішіне байланысты  анықтады.

Жекелей

50 метр  ұлдар арасында:

🥇орын-  Ы.Алтынсарин атындағы гимназия мектебінің оқушысы  Стюф Никита иеленді

🥈орын- №7 жайлы мектеп оқушысы  Өміржанов Ислам иеленді

🥉орын- №2 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Опацкий  Матвей қанжығасына байлады.

Жеңімпаздар  медаль және мадақтама қағаздарымен  марапатталды.

Балалар бассейнде жарысқандарына ризашылық білдіріп, мәз-мейрам болып тарқады.

Жарысты ұйымдастырушы: Кәдір Бауыржан Кәкімжанұлы