⚜️2025 жылдың 21-29 желтоқсан аралығында өткен “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер орталығының қала мектеп оқушыларына арналған жаңа жылдық бағдарлама аясында “Шабыт”театр үйірмесі “Мейірім жаршылары” атты жаңа жылдық қойылым (ертегі) қойды. “Шабыт” театр үйірмесі жаңа жыл қарсаңында балаларды сиқырлы әлемге апара отырып, жылдың үздік тикток трендтері мен сүйікті мультфильм кейіпкерлерін сахнаға шығарды. Айта кетейік, қойылымға “Шабыт” театр үйірмесінің тәрбиеленушілері ат салысқан еді. Оқушылардың сүйікті кейіпкелері: Лабубу, Кальмари ,Элио, Құрт, Ольаф,Эльза , Жылқы жылы сияқты т.б кейіпкерлерді сомдады. Кейіннен ат салысқан театр үйірмесінің тәрбиеленушілеріне “Жас Ұлан” БЖО атынан сыйлыққа ақшалай сыйлық және бассейнге абономент берілді.
Кабылдин Ербол Жанбыршинұлы
Виртуалды қабылдау
Қабылдауға жазылу
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласы білім бөлімінің "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны/Жаңалықтар/“Мейірім жаршылары” атты жаңа жылдық қойылым (ертегі) қойды

