Арқалық қаласының «Жас Ұлан» қалалық кеңесі «Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің қызметін біріктіреді. «Жас Ұлан» қалалық кеңесі өз қызметін қаланың шығармашылық, спорттық, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдарымен және мемлекеттік мекемелерімен бірлесіп жүзеге асырады. «Жас Ұлан» өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы ратификациялаған өзге де нормативтік-құқықтық актілерді,заңнамаларды және халықаралық актілерді басшылыққа алады. «Жас Ұлан» екі деңгейлі мүшелік жүйесі бар. «Жас Ұлан» аға буынының мүшелері 5-10 сынып оқушылары, «Жас Қыран» кіші буынының мүшелері болып табылады, «Жас Ұлан» дамуына өз үлесін қосқысы келетін, оның мүшесі болуға ерікті ниет білдірген 1-4 сынып оқушылары болып табылады. Қалалық Кеңестің бағдарламасы Арқалық қаласы мен ауылдар, ауылдық округтердің барлық мектеп комитеттерінің қызметін үйлестіруге бағытталған. «ЖасҰлан» қалалық кеңесінің құрамына штаб президенті, вице-президент, қаланың әрбір мектебінің мәдениет, спорт, білім, БАҚ министрлері кіреді, олар жұмысты жоспарлап, оны өз мектебінде жүзеге асырады, сондай-ақ қалалық, облыстық іс-шараларға дайындықты жүргізеді және олардың қатысушылары болып табылады. Штаб отырыстары аптасына бір рет өтеді.
Кабылдин Ербол Жанбыршинович
Виртуалды қабылдау
Қабылдауға жазылу



















