Спорттық жүзу бойынша олимпиадалық резерв клубы, балаларды жүзуді негізгі оқыту клубы 7-16 жас аралығындағы балаларға арналған.
Клубтардың қосымша бағдарламасының негізгі бағыты жүзудің қарапайым түрлеріне, суда қауіпсіз жүріс-тұрысқа, денені қатайтуға, мектеп жасына дейінгі балалардың физикалық қасиеттерін дамытуға (күш, икемділік, төзімділік, жылдамдық, үйлестіру) білім алушылардың алған дағдылары мен тәсілдерін жетілдіру болып табылады. Оқытудың негізі суда өзін жайлы сезінуге және, әрине, одан ләззат алуға мүмкіндік беретін дағдыларды игеру болып табылады.Суда әр түрлі қимыл түрлерін меңгере отырып, бала бағдарлауды, реакцияны, коммуникативтік қасиеттерді дамытуды, өз денесін басқаруды, өз бетінше шешім қабылдауды үйренеді. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің жалпы білім беру стандарттары негізінде құрастырылған Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің сараптамалық кеңесінің отырысында қаралып, 2019 жылдың 25 қаңтарындағы № 120 сарапшылар кеңесінде қорыдынды жасалды және ISBN 978-601-7534-09-7 номері алынды. Бірінші оқу жылының оқу жоспары -144 сағат, 2 және 3 оқу жылы -216 сағат. Негізгі екі жылдық курсты аяқтағаннан кейін бұл балалар үшінші оқу жылының тобына өтеді.




