Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласы білім бөлімінің "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Официальный сайт

«Атлет» спорттық клуб

«Атлет» ауыр атлетикалық клубы білім алушыларда өз денсаулығына оң көзқарас қалыптастыру үшін барынша қолайлы жағдай жасайды, жаттығу залындағы сабақтар арқылы денсаулықты сақтау мен нығайтуға баулиды.    Клуб бағдарламасы 13-18 жас аралығындағы негізгі және дайындық денсаулық топтарының оқушыларына арналған. Бағдарлама теориялық және практикалық сабақтарды өткізуді, оқушылардың бақылау нормативтерін орындауды көздейді. Секцияда барлық шұғылданушылар жас санаттары мен дене дайындығы бойынша топтарға бөлінеді.Бірінші оқу жылының оқу жоспарының көлемі 144 сағат, екінші және үшінші оқу жылында 216 сағат. Оқу топтарындағы сандық құрамы бірінші оқу жылына 10-15 адам және екінші оқу жылына 8-10 адам. Негізгі екі жылдық курсты аяқтағаннан кейін кейбір балаларда осы бағыт бойынша оқуды жалғастыруға ниет туындайды, онда білім мен білік тереңдейді, тапсырмаларды күрделендіреді, практикумдарды орындау кезінде өзіндік жұмысқа баса назар аударылады.