«Шабыт» театр клубындағы сабақтар зейінді, эмоционалды есте сақтауды, шығармашылық қиялды, баланың ой-қиялын, өзіне және айналадағы әлемге үйлесімділік сезімін дамытады, өзінің эмоционалды күйін, сөйлеуін, дауысын, физикалық денесін меңгеруге үйретеді. Тәрбиеленушілерге спектакльдің театрландырылған қойылымдарын дайындау және ұйымдастыру процесінде қажетті практикалық дағдыларды сіңіреді, ұжымдық шығармашылық іс-әрекет дағдыларын, өз жұмысы мен ұжым жұмысының нәтижелеріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді. Қазіргі әлеуметтік жағдайдың күрделілігін ескере отырып, театр студиясының жұмысындағы бірінші кезектегі міндет психологиялық күйзелістерді алып тастау, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашу болып табылады. Бағдарлама екі жылдық оқуға арналған. 9-17 жастағы оқушылар үшін аптасына 4 сағаттық оқу жүктемесі есебінен, бірінші оқу жылы- 144 сағат.
Кабылдин Ербол Жанбыршинұлы
Виртуалды қабылдау
Қабылдауға жазылу



