«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ортағында «Алтын дауыс» үйірмесі жұмыс жасап жатыр.
«Алтын дауыс» үйірмесі — тележүргізуші, диктор, сахна және іс-шара жүргізушілерін кәсіби деңгейде дайындайтын шығармашылық алаң. Бұл үйірме жастар мен балаларға өз дауыстарын дұрыс және әсерлі қолдануды, сөз мәдениетін жетілдіруді, сахнада сенімділікпен өзін ұстауды үйретеді
Қазіргі әлемде ақпараттық-ағартушылық, мәдени және әлеуметтік байланыстар қарқынды дамып келеді.Теледидар, радио, онлайн платформалар мен іс-шаралар қоғамдағы пікір қалыптастыруда, ақпарат таратуда және мәдени құндылықтарды насихаттауда маңызды рөл атқарады. Сол себепті кәсіби деңгейде сөйлеу мәдениетін, сахнада өзін-өзі ұстауды және аудиториямен тиімді қарым-қатынас жасауды үйрету бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.
Бағдарламада 7-мен 16 жас аралығындағы оқушылар қамтылған.
Мақсаты:
«Алтын дауыс» үйірмесінің негізгі мақсаты – тележүргізуші, диктор, сахна және іс-шара жүргізушісі болуға қызығушылығы бар балалар мен жасөспірімдерді кәсіби деңгейде дайындау арқылы олардың дауыс мәдениетін, сөйлеу шеберлігін, сахнадағы өзін-өзі ұстау қабілеттерін және шығармашылық потенциалын дамыту.
1 оқу жылында 144 сағат
2-3 оқу жылында 216 сағат






