«Зергер» ұлттық зергерлік бұйымдар жасау клубы-шығармашылық клуб 10-16 жас аралығындағы орта және жоғары мектеп жасындағы оқушыларға білім мен дағдыларды бере отырып, ұлттық зергерлік өнерді сақтау мен дамытуда маңызды рөл атқарады. Клубтағы сабақтар оқушылардың кәсіби дамуына ғана емес, рухани дамуына да ықпал етеді, оларды ұлттық мәдениеттің байлығымен таныстырады, дәстүрлі қолөнерді игеру арқылы оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытады, ұлттық зергерлік өнер туралы білімді беру арқылы мәдени мұраны сақтайды және сәндік-қолданбалы шығармашылық саласында кәсіби дағдыларды қалыптастырады.
Клуб өз жұмысында дәстүрлі зергерлік техниканы заманауи оқыту әдістерімен біріктіріп, ұлттық зергерлік бұйымдарды жасаудың бірегей қолөнері туралы білім береді. Бірінші оқу жылының оқу жоспарлары -144 сағат , екінші оқу жылының оқу жоспарлары -216 сағат. Негізгі екі жылдық курсты аяқтағаннан кейін бұл балалар үшінші курс тобына ауысады.





