Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласы білім бөлімінің "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Официальный сайт

2025-2026 оқу жылы

2025–2026 оқу жылына арналған
«Жас Ұлан» ДЮЦ үйірмелеріне, студиялары мен секцияларына қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі

Құрметті ата-аналар!

Балаларды «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының үйірмелеріне, студиялары мен секцияларына қабылдау төмендегідей тәртіпте жүзеге асырылады.

Балаларды қабылдау MINDAL 24 платформасы арқылы қатаң түрде жүргізіледі.
Қабылдауға өтінімді үйден шықпай-ақ онлайн түрде беруге болады.

Баланы қабылдау үшін қажетті құжаттар:

  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 027/у нысанындағы медициналық анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

Өтінім ed24.kz қосымшасы арқылы беріледі.

Қосымша ақпаратты келесі телефон нөмірі арқылы алуға болады: 8 (714) 30-70-405