Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласы білім бөлімінің "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Официальный сайт

Арқалық қаласының 70 жылдығына орай «Шеберлер мұрасы» тақырыбында танымдық экскурсиялық саяхат ұйымдастырылды

2026 жылдың 28 қаңтар күні «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының тәрбиеленушілерімен «Өлкетану» үйірмесінің жоспарына сәйкес, Арқалық қаласының 70 жылдығына орай «Шеберлер мұрасы» тақырыбында танымдық экскурсиялық саяхат ұйымдастырылды.
📌Мақсаты:Тәрбиеленушілерге туған өлкенің мәдени мұрасын таныту, ұлттық қолөнерді дәріптеу, шеберлер еңбегін насихаттау, шығармашылық тұлғалармен кездесу арқылы балалардың эстетикалық талғамын, өнерге деген қызығушылығын арттыру және патриоттық тәрбие беру.
Іс-шара Фурманов ауылдық «Мәдениет» үйінде өтті. Кездесуге «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі, ағаш қолөнер шебері, зейнеткер Суханов Қалдыбай Қалтайұлы, сондай-ақ Арқалық қаласының Мәдениет үйінің қарттары қонақ болып қатысты.
Кездесу барысында Қалдыбай Қалтайұлы өз шығармашылық кешін ұсынып, өмір жолы мен өнерге келу тарихы, ағаш қолөнерінің қыр-сыры туралы әсерлі әңгіме өрбітті. Шараға қатысқан орталықтан барған басшылық пен педагогтар қонақты құттықтап, алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыстады.
Сонымен қатар, орталықтың тәрбиеленушісі – әнші қызымыз Абылайхан қызы Раяна қонағымызға арнап өлең шумақтары мен әнін орындап, кештің көркін аша түсті.
Кеш соңында тәрбиеленушілер Фурманов ауылдық мектебінде түскі ас ішіп, мектеп ішін аралап танысты. Экскурсия тәрбиеленушілерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, танымдық әрі тәрбиелік мәні жоғары шара ретінде өз деңгейінде өтті.
#біртұтастәрбие
#Kostbilim
@oqu_agartu_ministri
@gani.beisembayev
@kost_bilim
@rumcdo_official
@arkalyk_bilim_bolimi