Арқалықта «Жұлдыздар бірге жарқырайды» ән байқауы өтті
Арқалық қалалық Мәдениет сарайында «Жұлдыздар бірге жарқырайды» атты қалалық ән байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Байқаудың басты мақсаты – өнерлі жастар мен талантты жұптарды анықтау, вокалдық өнерді дамыту, шығармашылық әлеуетті арттыру және қала тұрғындарына рухани-мәдени демалыс сыйлау.
Аталған байқауға барлығы 11 жұп қатысып, сахнада өздерінің вокалдық мүмкіндіктерін, сахналық мәдениетін және шығармашылық шеберліктерін көрсетті. “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер орталығынан Ербосын Рамазан мен Еркін Алданыш өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша “Сахна шеберлігі” номинациясына ие болды. Қатысушылар түрлі жанрдағы әндерді орындап, көрермендерге әсерлі музыкалық кеш сыйлады.
Қазылар алқасы жұптардың дауыс мүмкіндігін, әнді орындау техникасын, сахнада өзін-өзі ұстау мәдениетін, артистизмін және көркемдік деңгейін бағалады. Байқау барысында қатысушылардың кәсіби дайындығы, музыкалық талғамы мен сахналық бейнесі жоғары бағаланды.
Көрермендер тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп, әр жұптың өнеріне ыстық ықылас пен қошемет көрсетілді. Байқау соңында үздік өнер көрсеткен жұптар арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
«Жұлдыздар бірге жарқырайды» ән байқауы қаладағы мәдени өмірді жандандырып, талантты орындаушылардың шығармашылық жолына серпін берген тағылымды әрі әсерлі шара болды.



