Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласы білім бөлімінің "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Официальный сайт

«Болашақ Арқалық — балалар көзімен» тақырыбында макеттер байқауы

Ағымдағы жылдың 21 қаңтар күні білім бөлімі мен «Жас Ұлан» БЖО «ARK PROJEKT» үйірмесінің ұйымдастыруымен Арқалық қаласының 70 жылдығына орай қала және ауыл мектептері,қосымша білім беру орталықтарының 7-9 сынып оқушылары арасында «Болашақ Арқалық — балалар көзімен» тақырыбында макеттер байқауы өтті. Байқау қорытындысы бойынша: І орынды — №2 ЖББМ оқушысы — Алдаберген Әлихан; Т.Әубәкіров атындағы НОМ оқушысы — Сапарбай Айшабибі; А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназия оқушысы-Жетпіс Бейбарыс; Ә.Бөкейхан атындағы ЖББМ оқушысы — Қалдыбек Жансая.
ІІ орынды — Ы.Алтынсарин атындағы гимназия оқушысы — Әбдібек Омар; №7 ЖББМ оқушысы — Ахмедқали Әлинұр; М.Әуезов атындағы №5 ЖББМ оқушысы -Мұратбек Айбота.
ІІІ орынды — Ш.Уәлиханов атындағы №1 ЖББМ; Б.Майлин атындағы №3 ЖББМ; Кейкі батыр атындағы №4 ЖББМ; №8 ЖББМ; №10 ЖББМ; Қараторғай НОМ; Фурманов ЖББМ; Қосымша білім беру орталығы иеленді. Барлық қатысушылар және жетекшілер мадақтамалармен марапатталды.
Бұл байқауда әр оқушы өз жетекшілерімен бірігіп қаламыздың болашағын, жоғары деңгейде дамыған әрі көрікті қала ретінде елестетіп, бала қиялы ғана емес, ертеңгі күннің шынайы бейнесі ретінде түрлі көз тартарлық макеттер жасап, сол қолдан жасалған туындыларын таныстырып, жұмыс барысын айтты.
@oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@gani.beisembayev
@erlankalmakov
@kost__bilim
@rumcdo_official
@kostdaryn.kz
@rcfk_i_do
@ibraeva.0707
@arkalyk_bilim_bolimi
#біртұтас_тәрбие
#Адалазамат