Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласы білім бөлімінің "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Официальный сайт

“Мәнерлеп оқу мен көркем сөйлеудің сырлары” атты шеберлік сағаты

”Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер орталығының “Ғибрат” үйірмесінің жетекшісі, педагог-зерттеуші Жиенбаева Салтанат Балгатаевна 21 қаңтар күні Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебіне “Мәнерлеп оқу мен көркем сөйлеудің сырлары” атты шеберлік сағатын өткізді.
Оқушыларды мәнерлеп оқу, көркем сөйлеу өнерімен таныстыру, үйірменің мазмұны мен мүмкіндіктерін көрсету арқылы үйірмеге қатысуға мотивация қалыптастыру мақсатында өткізілген бұл іс-шараға мектептің 10-15 жас аралығындағы сөз өнеріне, әдебиетке қызығушылығы бар талантты оқушылар қатысты. Сабақ барысында “Сөз тірі ме?” тәжірибесі арқылы мұғалім бір сөйлемді
— жай оқу
— эмоциямен оқу
— сахналық қимылмен оқып оқушыларға айырмашылықтарын аңғартты. Өлеңді 3 түрлі көңіл-күймен оқу (қуаныш, мұң, сенімділік) тәжірибесі де интонацияның рөлін түсінуге үйретті. Сабақ соңында оқушылар “Саған қай сәт қызықты болды?”, “Өзіңді сахнада қалай сезіндің?” т.б сұрақтар төңірегінде кері байланыс жасады. Нәтижесінде мәнерлеп оқуға, көркем сөйлеуге қызығушылығы бар оқушылардың өзінің бойындағы талантын еркін көрсетуге ұмтылыстары пайда болып, 12 оқушы “Ғибрат” үйірмесіне қатысуға ниет білдірді.
#біртұтастәрбие
#Kostbilim
@oqu_agartu_ministri
@gani.beisembayev
@kost_bilim
@rumcdo_official
@arkalyk_bilim_bolimi
@rcfk_i_do