Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласы білім бөлімінің "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Официальный сайт

«Оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшысы» атты облыстық байқау

26 қаңтар  күні «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында  Арқалық қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшысы» атты облыстық байқауының қалалық кезеңі өткізілді. Оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларының көшбасшылық және шығармашылық құзыреттерін арттыру мақсатында өткізілген қалалық байқауға мектеп парламенті президенттері қатысты.
 📌Байқаудың әділқазылар алқасында Арқалық қаласы сайлау комиссиясының төрағасы А.Айтмағанбетов, қалалық білім бөлімінің әдіскерлері Г.Суйнбекова, Н.Мухамедкалиева, Е.Абдуалиев және «Жас Ұлан» БЖО-ның қалалық штаб төрайымы А.Ыбыраева төрелік етті.
📌3 кезеңнен тұратын байқаудың қортындысы бойынша әділ қазылар төмендегідей шешім қабылдады: І-орын Ш.Уалиханов атындағы №1 ЖББ мектебінің МП президенті Байкасынова Айару, ІІ-орынды А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының МП президенті Әбдікәрімқызы Нұрай, А.Макаренко атындағы ЖББ мектебінің МП президенті Жұмабай Айым, ІІІ-орынды №2 ЖББ мектебінің МП президенті Маратова Дарина, Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның МП президенті Қабибулла Гүлназ, Ә.Бөкейхан атындағы ЖББМ-нің МП президенті Қабылжан Жанерке иеленіп, дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Қалған қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар табысталды. Сонымен қатар, жеңімпаздар дайындағаны үшін аға тәлімгерлер алғыс хаттармен марапатталды.
Облыстық байқауға жолдама алған айаруға сәттілік тілей отырып, жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз.
#біртұтастәрбие
#Kostbilim
@oqu_agartu_ministri
@gani.beisembayev
@kost_bilim
@rumcdo_official
@arkalyk_bilim_bolimi